Accessibility links

Берлинде көлік ЛГБТ парадына қатысушыларды қақты

Полиция күдіктінің көлігін тексеріп жатыр. 25 шілде 2026 жыл.
Полиция күдіктінің көлігін тексеріп жатыр. 25 шілде 2026 жыл.

25 шілдеде кешке Берлинде фургон жыл сайын өтетін ЛГБТ парадына қатысушыларды қақты. Бір адам қаза болды, тағы 16 адам жарақаттанды. Үшеуінің жағдайы өте ауыр.

Тергеу дерегінше, оқиға сағат 22:00 шамасында негізгі шеру өткеннен кейін саябақ маңында болған. Фургон көшедегі халықты қағып өтіп, содан кейін ағашқа соғылған.

Неміс ақпарат құралдарының дерегінше, жүргізуші көліктен шығып, сондағы жұртқа пышақпен тап берген. Бұл деректі полиция әзірге тексеріп жатыр.

Полиция оқиғаны теракт ретінде қарастырып жатыр. Негізгі күдікті – Ливанда туып-өскен 21 жастағы Германия азаматы. Ол әзірге ұсталмаған. Bild дерегінше, ол бұған дейін де құқық қорғау органдарының тізімінде болған. Оның Берлиндегі діни топтарға қатысы бар деп айтылады және мамырда кәмелетке толмағандарға арналған түзету мекемесінен босатылған. Тергеу органдары сонымен бірге оның сыбайластары болуы мүмкін деген деректі де тексеріп жатыр.

Берлиннің мэрі Кай Вегнер оқиғаны “ашық әрі еркін қоғамға” жасалған шабуыл деп атады. Германия канцлері Фридрих Мерц оқиғаны “жиіркенішті қылмыс” деп бағалап, кінәлілерді тауып, барынша қатал жазалауға уәде берді.

Айдар
XS
SM
MD
LG