Accessibility links

Берлиндегі әуежай дронның салдарынан жұмысын уақытша тоқтатты

23 қыркүйекте кешке Берлин-Бранденбург әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Оған әуежай маңынан дронның байқалғаны түрткі болды.

Дрон жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де байқалды. Бұдан кейін әуе қозғалысын басқару қызметі (DFS) әуелі ұшу-қону жолағын жауып, ізінше оңтүстік бөлігінің жұмысын тоқтатты. Шектеу бір сағаттан кейін алынды.

dpa жазуынша, Берлин-Бранденбург – дрон ең көп байқалған Германия әуежайы. 2026 жылы алғашқы алты айында диспетчерлік қызмет 28 дронды анықтаған. Жеті жағдайда әуежай рейстерді қабылдай алмай, ұшыра алмай қалған. 2025 жылы әуежай маңында 8 дрон тіркелді.

Тамызда Лейпциг әуежайында бірнеше дрон табылды. Біреуінде жарылғыш зат болған және оқ-дәрі тасымалдаған украиналық Ан-124 ұшақтың жанынан анықталды. 1 қыркүйекте Германия билігі Ресейді диверсия жасауға тырысты деп айыптады. Мәскеу айыптауды жоққа шығарды.

23 қыркүйекте Вунсторф әскери аэродромында дрон бөлшектерінің жанында белгісіз жарылғыш затқа ұқсас нәрсе табылды. Қылмыстық сараптама нәтижесі әлі дайын болған жоқ.

Германия федералдық прокуратурасы және қылмыстық істер жөніндегі федералдық ведомство оқиғаның Лейпцигтегі жағдайға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Неміс ақпарат құралдарының жазуынша, дрондар бір-біріне ұқсас және Вунсторф аэродромында табылған дронның кемінде бір элементі 3D-принтерден шығарылған. Осы аэродромда неміс әуе-әскери күштерінің Airbus A400M ұшақтары шоғырланған.

Айдар
XS
SM
MD
LG