Accessibility links

Бір күнде үш дрон Молдованың әуе кеңістігін бұзды

30 қыркүйекте таңертең Молдова полициясы ел аумағына дрон кіргенін хабарлады. Ведомствоның дерегінше, дрон сағат 5:40-та байқалған, ізінше Анений-Ной аумағына құлады.

Сәрсенбі күні Молдова қорғаныс министрлігі тағы бір реактивті дрон жөнінде хабарлады. Ол елдің шығыс бөлігіне – мойындалмаған Приднестровье арқылы кірген. Қорғаныс министрі Анатолий Носатыйдың айтуынша, бұл 84-жағдай.

“Ресей Федерациясы азаматтарымыздың өмірін қатерге тігіп отыр, [Днестрдің] қай жағында тұрса да, қай тілде сөйлесе де” деді Носатый.

Сәрсенбі күні кешке қарай билік елдің әуе кеңістігінде тағы бір дрон пайда болғанын хабарлады. Қорғаныс министрлігінің айтуынша, Ресей Украинаы атқылап жатқан тұста дрон Молдова шекарасын кесіп өткен. Осыдан кейін билік ел әуе кеңістігінің орталық бөлігін уақытша жапты.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG