Accessibility links

Бірқатар лауазым иелері қызметтерінде қалды

Ермек Сағымбаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінде қалды. Тимур Сүлейменов те Ұлттық банктің төрағасы болып қайта тағайындалды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев та омбудсмен қызметінде қалды.

Бұған қоса, Дмитрий Малахов Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы қызметін жалғастырмақ.

Тиісті жарлықтар Ақорда сайтында жарияланды.

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін екі айда бас прокурор, Ұлттық банктің төрағасы, Жоғарғы сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғарғы сот кеңесі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қайта тағайындалатыны бұған дейін хабарланған еді.

7 шілдеде Берік Асылов бас прокурор қызметіне қайта тағайындалған еді. Ертесінде Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып қалды.

Қазақстанда жаңа Конституция 1 шілдеде күшіне енген. Жаңа құжат қабылданған соң Конституциялық сот Тоқаевтың президенттік мерзімінің есебі жойылады деген тұжырымға келген. Сарапшылар құжат президенттік билікті күшейтіп, президентке өзге де артықшылықтар береді деп санайды.

Бір күн бұрын құрылтай сайлауы кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев "алда президент сайлауына түсу-түспеуге қатысты нақты жауапты 2027 жылы айтамын" деген. Жаңа Конституцияға сәйкес, елде вице-президент лауызымы пайда болады. Тоқаев оның есімі осы апта немесе алдағы он күнде айтылатынын жеткізген.

Айдар
XS
SM
MD
LG