2026 жылдың басынан бері Ресей түрмелерінде жазасын өтеген 295 қырғыз азаматы еліне экстрадицияланды. Тағы 65 адам экстрадициялау рәсімінің аяқталуын күтіп отыр, олар жазаның қалған бөлігін өз елінде өтейді. Бұл туралы Қырғызстанның Бас прокуратурасы Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 52 сотталушыны елге әкелуден бас тартқан. Олардың 21-і – жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс, жетеуі – терроризм, ал қалған 24-і кісі өлтіру, адам ұрлау сияқты қылмыстар бойынша сотталған.
Қырғызстанға экстрадицияланған азаматтардың саны жыл сайын артып келеді: 2025 жылы — 237, 2024 жылы — 128, 2023 жылы — 79, 2022 жылы — 54, 2021 жылы — 66 адам.
Қырғызстан Бас прокуратурасы Ресейде өкілдігін ашуды жоспарлап отыр. Ведомствоның мәлімдеуінше, өкілдіктің негізгі міндеті — өз құзыреті шегінде Қырғызстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Бұған дейін президент Садыр Жапаровтың аймақ тұрғындарымен кездесуі кезінде Ресейде сотталған туыстарын қырғыз азаматтарын еліне ауыстыру кезіндегі қиындық мәселесі айтылған еді.
Бас прокуратураның түсіндіруінше, Ресейде сотталғандарды еліне ауыстыру үшін оның ата-анасы немесе туыстары өтініш беруі керек. Осы өтініш негізінде прокуратура басқа елдің құқық қорғау органдарына сұрау жолдайды.
Алайда шетелде жазасын өтеп жатқан азаматтың өзі Қырғызстанға оралып, қалған мерзімін отанында өтеуге келісуі қажет. Бұл рәсім тегін жүргізіледі.
Қазір Ресей түрмелерінде Қырғызстанның 1100-ден астам азаматы жазасын өтеп жатыр.