Accessibility links

Болат Ақшолақов Атырау облысы әкімі болып тағайындалды

Болат Ақшолақов
Болат Ақшолақов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Мұны жұма күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев Атырау облысы әкімі лауазымына екі адамның – KazEnergy қауымдастығы жетекшісі Болат Ақшолақов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың кандидатурасын ұсынған.

17 шілде күні Атырау облыстық мәслихатында өткен ашық дауыс берудің қорытындысы бойынша, 101 депутаттың 83-і Болат Ақшолақовтың кандидатурасын қолдаған. Жиынға премьер-министр Олжас Бектенов пен президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр да қатысқан.

55 жастағы Болат Ақшолақов бұған дейін энергетика министрі, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы, президент кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2025 жылдың ақпан айынан бері KazEnergy қауымдастығын басқарды.

2022 жылғы 7 сәуірден бері Атырау облысын басқарып келген 46 жастағы Серік Шәпкенов президент жарлығымен қызметінен босатылды.

Айдар
XS
SM
MD
LG