Accessibility links

Италияда композитор Эннио Мариконе қайтыс болды


Композитор Эннио Мариконе.
Композитор Эннио Мариконе.

Италияда есімі әлемге танымал композитор Эннио Морриконе қайтыс болды. 91 жастағы композитор жамбас сүйегі сынып Римдегі ауруханаға түскеннен кейін бірнеше күннен соң дүние салды деп хабарлайды ANSA агенттігі.

Эннио Морриконе 500-ден астам фильм, сериалдарға музыка жазған. Олардың арасында "Бір уыс доллар үшін", "Жақсы, жаман, зұлым", "Жабайы Батыста болған оқиға", "Пианист туралы аңыз", "Кәсіпқой", "Азат етілген Джанго", "Бұл Америкада болған еді" және басқа көркем шығармалар бар.

Кинематографияға музыка жазу және өңдеумен айналысуды 33 жасында бастаған композитор өмірінде екі рет "Оскар" сыйлығын иеленген. "Алтын глобус" жүлдесін үш рет, BAFTA сыйлығын алты мәрте алған. 2007 жылы оны кинематографияға сіңірген орасан еңбегі үшін, ал 2016 жылы Квентин Тарантиноның "Жексұрын сегіз" фильміне жазған музыкасы үшін арнайы марапаттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG