Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

01:35 26.3.2020

Алматыда тағы бір адамнан вирус табылды. Қалада 32 науқас бар

Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 26 наурызда сағат түнгі бірден өте денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір Қазақстанда 81 адамнан вирус табылды: Алматыда - 32 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 454 мың адам вирус жұқтырды. 20550 адам қаза болды. 113045 адам дертінен айықты.

22:10 25.3.2020

Фотогалерея: Қаңырап қалған қалалар

Коронавирус қатты тарап, әлем елдері шетінен карантин жариялап жатыр. Әдетте туристер аяғы көп орындарда қазір адам жоқтың қасы. 25 наурыздағы дерек бойынша, әлемде 423 мың адам коронавирус жұқтырып, 19 мыңдай адам қаза болды.

20:52 25.3.2020

26 наурыздан бастап Алматыда тек азық-түлік дүкендері мен дәріхана жұмыс істейді

26 наурыздан бастап Алматыда коронавирустың тарауын тоқтату шаралары күшейтіледі. Бейсенбіден бастап қалада автосалондар, көлік жөндейтін орындар, гүл сату орындары, киім жуатын, киім тазалайтын орындар, сұлулық салондары, фотосалондар, оптикалар, ломбардтар, жылжымайтын мүлік агенттіктері, көлік жуатын жерлер, яғни халыққа қызмет көрсету орындары жабылады. Тек азық-түлік дүкендері мен медициналық мекемелер, тіс емдеу орындары жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев хабарлады.

“Интернет клубтары, караокелер, балалар орталығы, бильярд залдары, финтес орталықтар, бассейндер, спорт клубтары, солярий де жабылады. Ал тамақтану орындары кешкі онға дейін тағамдарды үйге жеткізу қызметі бойынша жұмыс істей береді. Біздің мақсат – адамдардың бір-бірімен байланысуын барынша азайтып, вирустың тарауына кедергі келтіру” деді әкім орынбасары.

Қазір Қазақстанда 80 адамнан вирус табылды: Алматыда - 31 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

20:14 25.3.2020

Ресей халқы бір апта демалысқа шығады

Владимир Путин.
Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин 25 наурызда телеарна арқылы халықа үндеу жолдап, коронавирус эпидемиясына байланысты Конституция бойынша бүкілхалықтық дауыс беруді кейінге шегеріп, келесі аптадан бастап жеті күнге демалыс жариялады.

Қазір Ресейде 658 адам коронавирус жұқтырған. Бір адам қаза болды.

Путин биылғы жолдауында Конституцияға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеген. Бұл ұсынысты Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесі қолдаған. Енді халық референдумда дауыс береді. Егер Конституцияға өзгеріс енгізілсе, Путиннің осыған дейінгі президенттік мерзімдері жойылып, ол қайта сайлауға түсе алады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG