Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:57 31.7.2020

Коронавирус: Туысынан айырылғандар мен ауырған жандардың әңгімесі

"28 жастағы жарымды жоғалттым". Туысынан айырылғандар мен ауырған жандардың әңгімесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:12 0:00

10:30 31.7.2020

Қазақстанда Covid жұқтырғаны расталғандар 1,4 мың адамға артып, 90 мыңға жуықтады

Қорғаныс киімін киген медицина қызметкері COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын тестілеу орталығында. Алматы, Қазақстан, 8 шілде 2020 шілде.
Қорғаныс киімін киген медицина қызметкері COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын тестілеу орталығында. Алматы, Қазақстан, 8 шілде 2020 шілде.

30 шілде күні Қазақстанда 1414 адамнан коронавирус анықталған. Вирус жұқтырған 787 адамда ауру белгілері байқалған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Көш басында әдеттегідей Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары. Осы айда вирус жұқтырғаны анықталғандардың абсолют саны бойынша бірінші орынға шыққа Атырау облысында бір күнде 67 жағдай тіркелген. Облыс қазір үшінші орында. Кейінгі апталарда Шығыс Қазақстан облысында күнделік тіркелетін жағдайлар саны тұрақты 100-ден асып келеді. Кеше облыста 187 адамнан коронавирус анықталған.

Ақтөбе облысында 17 науқас тіркелген. Бұл – кешегі тәуліктің ең төменгі көрсеткіші. Шымкент қаласында және Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 50-ге жетпеген. Осыған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Covid-тің бар-жоғын анықтайтын ПТР тестін аймақ бойынша үлестіруде мәселе барын айтқан.

Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 89 078 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған. Бұл көрсеткіш коронавирус індеті бастау алды деп саналатын Қытайдың көрсеткішінен жоғары. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қытайда осы күнге дейін 87 486 жағдай тіркелген.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласында - 11662 (+218 адам жаңадан қосылған),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -11028 (+232),
  • Атырау облысында - 10242 (+67),
  • Қарағанды облысында - 8513 (+101),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 6262 (+187),
  • Батыс Қазақстан облысында - 5713 (+74),
  • Шымкент қаласында - 4869 (+30),
  • Алматы облысында - 4320 (+63),
  • Жамбыл облысында - 3492 (+49),
  • Павлодар облысында - 3125 (+73),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 3038 (+61),
  • Ақтөбе облысында - 3021 (+17),
  • Қызылорда облысында - 2968 (+55),
  • Маңғыстау облысында - 2875 (+39),
  • Түркістан облысында - 2750 (+29),
  • Қостанай облысында - 2615 (+66),
  • Ақмола облысында - 2585 (+53).

Өткен тәулікте коронавирустан жазылғандар 1,7 мың адамға артып, 59,517 адамға жетті. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда коронавирустан 793 адам қайтыс болған. Бұдан бөлек, коронавирус жұқтырса да, "ілеспе аурудан" қайтыс болды деген адамдардың тізімі бар. Оған қоса, ауру белгілері бойынша коронавируске ұқсайтын бірақ ПТР тесті арқылы расталмаған пневмониядан көз жұмғандар да бар.

13:11 30.7.2020

Түркіменстан билігі халықтан қабірлер көзге түспейтіндей қылып жерлеуді талап етті

Түркіменстанда Лебап облысының билігі тұрғындардан марқұмдардың сүйегін көзге түспейтіндей қылып жерлеуді талап етті. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Бұған дейін "АССА" агенттігі спутниктен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Балканабад қаласындағы зиратқа жаңа көмілгендердің көбейгенін жазған еді. Биліктің талабы содан кейін пайда болды.

Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлейтін зират. Түркіменстан, шілде айы 2020 жыл.
Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлейтін зират. Түркіменстан, шілде айы 2020 жыл.

Журналистер 2018 жылдың наурыз айы мен 2020 жылдың наурызына дейін қалада 524 адам қаза болғанын, ал 25 наурыз бен 16 сәуір аралығында қала маңындағы зиратта 317 марқұмның қабірі пайда болғанын жазды.

Азаттықтың Түркімен қызметінің мәліметіне сәйкес, Лебап облысындағы зираттарда қабірлер саны былтырғымен салыстырғанда 15 есеге көбейген. Билік халықтан қабірлер спутниктен көрінбейтіндей тегістеп жерлеуді талап етіп жатыр. Бұған қоса, тұрғындарға жерлеу рәсіміне баруға және қабір басына белгі қоюға тыйым салынған.

Ақпарат құралдары елде дәрі-дәрмек, ауруханаларда жасанды тыныс алдыру аппараттарының жетіспей жатқанын да хабарлады. Ашғабатқа жақын жердегі инфекциялық ауруханада жасанды тыныс алу аппаратын қолданған науқастан күніне 56 доллар талап еткені туралы ақпарат тараған.

Түркіменстан билігі ресми түрде коронавирус тіркелмегенін айтады, алайда Азаттық тілшілері бұған дейін елдегі ауруханалардың толып кеткенін, пневмония белгісі бар науқастар мен вируспен байланысты адам өлімі көбейгенін жазған.

Өткен аптада Түркіменстанда белсенділер коронавирустан қаза болғандар туралы ресми емес мәлімет жариялайтын сайт жасаған. Ондағы тізімде 60 марқұмның аты-жөні жазылған.

08:54 30.7.2020

Өзбекстанда қаржы вице-министрі коронавирустан қайтыс болды, бас санитар инспектордан вирус табылды

Өзбекстанның бас санитар инспекторы Нурмат Отабековтен коронавирус табылды. Бұл ақпаратты жергілікті Kun.uz сайтына берген сұхбатында бас инспектордың өзі хабарлады.

Нурмат Отабеков.
Нурмат Отабеков.

"Зертханалық талдау менде Covid барын көрсетті" деді ол. Ол өзіне коронавирус жұққан науқастардан Covid жұғуы мүмкін екенін айтты.

Отабеков Covid-тің жеңіл түріне шалдыққанын, ауруханада емделіп жатқанын айтқан.

29 шілдеде Өзбекстанның қаржы министрлігі Covid-тен 55 жастағы қаржы вице-министрі Еркін Тұрсыновтың қайтыс болғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 20 шілдеде вице-министрдің дене қызуы көтеріліп, жеке клиника дәрігерлерінің кеңесімен үйде және жеке медициналық мекемеде емделген.

27 шілдеде жағдайы ауыр күйде Ташкенттегі медициналық академияға жеткізілген. Онда "ілеспе аурулар" болғаны айтылады.

Еркін Тұрсынов 2019 жылдың наурыз айынан бері қаржы вице-министр қызметін атқарып келген.

Өзбекстанда соңғы мәлімет бойынша 22 585 адамнан коронавирус табылған. Эпидемия басталғалы бері 131 адам Covid-тен қайтыс болған. 29 шілдеде елде бір күнде 692 адамнан вирус анықталған. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Сәрсенбі күні 24 сағат ішінде қатарынан бес адамның коронавирустан қайтыс болғаны хабарланды. Олардың арасында аяғы ауыр әйел де болған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG