Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

22:00 6.1.2021

Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі Moderna екпесін қолдануға рұқсат берді

Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі (EMA) 6 қаңтарда америкалық Moderna компаниясының коронавирусқа қарсы екпесін қолдануға болатынын жариялады. Енді бұл шешімді Еуропалық комиссия мақұлдауы тиіс.

ЕМА Moderna екпесін Еуропада індет өршіп, аймақта вакцина егудің баяу жүріп жатқаны сынға ұшыраған тұста мақұлдады.

Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен ЕМА қадамын құптап, "қазір біз бұл екпені Еуропада қолдануды толық мақұлдау үшін тынымсыз жұмыс істеп жатырмыз" деді.

Еуропа одақ Moderna компаниясына алдын ала 27 елге деп екпенің 160 миллион дозасын тапсырыс берген. Желтоқсанның соңында Еуропа одағы Pfizer/ BioNTech (АҚШ/Германия) екпесін қолдануға рұқсат берген.

Moderna мен Pfizer/ BioNTech екпесін екі дозадан салу керек. Сынақ нәтижелері екі екпенің қауіпсіздігі мен коронавирустан қорғайтынын көрсеткен. Moderna екпесін бұған дейін АҚШ, Канада және Израиль мақұлдаған.

14:47 6.1.2021

Қытай ДДСҰ өкілдерін елге кіргізуден бас тартты

Ухань қаласында жаңа жыл қарсы алып жүрген жұрт. 31 желтоқсан 2020 жыл.
Ухань қаласында жаңа жыл қарсы алып жүрген жұрт. 31 желтоқсан 2020 жыл.

Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) зерттеу тобын елге кіргізуден бас тартты.

ДДСҰ өкілдері коронавирус алғаш тараған Ухань қаласына барып, зерттеу жүргізуі тиіс еді. Пекин мен ДДСҰ Қытайға сапарды желтоқсанда алдын ала келіскен.

ДДСҰ-ның екі өкілі Қытайға сапарға шыққанымен, бір кейін қайтқан, екіншісі орта жолда қалып, үшінші елде рейс күтіп отыр.

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гейбреисус виза мәселесі туындағанын айтып, Қытай билігінің ұйым өкілдеріне уақытында виза бермегеніне "қатты қынжылыс" білдірді. Ол Қытай билігімен байланысып, "Уханьға сапар ДДСҰ мен халықаралық команда үшін маңызды екенін жеткізген".

Коронавирус алғаш рет 2019 жылдың соңында Уханьда анықталған. Вирус осы қаладағы базардан тарауы мүмкін. ДДСҰ былтыр наурызда бұл індетті пандемия деп жариялаған.

Сарапшылар Қытай билігі коронавирустың Уханьнан тарағанын жоққа шығаруға әрекет етіп жатыр деп санайды.

14:20 6.1.2021

Германия да коронавирустың жаңа түрінен сақтана бастады

Германия локдаун мерзімін қаңтар соңына дейін созып, шектеуді онан әрі күшейтеді. Еуропаның қалған елдері де коронавирустың жаңа штамынан сақтану үшін түрлі амалдар қарастырып жатыр.

4 қаңтарда Ұлыбритания індет басталғалы бері үшінші рет локдаун енгізген. Артынша Германия канцлері Ангела Меркель де 5 қаңтарда карантин күшейетінін хабарлады. Ұлыбритания B.1.1.7 деген атпен белгілі тез жұққыш коронавирус түрін тежеуге тырысып жатыр. Алғаш рет вирус мутациясы Англияның оңтүстік-шығысында желтоқсан айында тіркелген.

Оңтүстік Африкада алғаш анықталған вирустың жаңа штамы қазір ондаған елден табылған. Швейцарияның инфекция бақылау қызметінің жетекшісі Виржиния Массерей вирус мутациясы "тағы бір індеттің толқынын тудыруы мүмкін" деп ескертті.

Германияда жаңа ереже аясында коронавирус ахуалы асқынып кеткен аумақтарға баруға шектеу қойылады. Адамдар үйінің маңынан 15 шақырым радиус аралығында ғана еркін жүре алады. Кездесулер мен жиындарға тыйым салынады.

Қараша айында Германия "жұмсақ локдаунды" өткерген, бірақ Рождество мерекесі қарсаңында вирус бәсеңдемеген соң шектеуді күшейткен еді.

08:25 6.1.2021

Армения президентіне коронавирус жұқты

Армения президенті Армен Саркасянға коронавирус жұққан. 67 жастағы саясаткер аяғына операция жасату үшін Лондонға жол жүрген. Сапар барысында президенттен Covid белгілері байқалып, ПТР-тест тапсырған. Тест нәтижесі оң шыққан. Бұл туралы 5 қаңтарда армян ақпарат агенттіктері жазды.

Армен Саркасян.
Армен Саркасян.

Лондон мен Англияның оңтүстігінде коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап барады. Мамандар вирустың “қарапайым” түріне қарағанда жаңасы тез жұғатынын айтып отыр. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон індетті тежеу үшін 4 қаңтарда қатаң локдаун енгізген.

Былтыр Армения премьер-министрі Никол Пашинян да Covid-пен ауырып шыққан.

Соңғы мәлімет бойынша, Арменияда 160 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталған, 2800-ден астамы қайтыс болған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG