Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:52 9.1.2021

АҚШ пен Еуропада вакциналау баяу жүріп, Covid індеті өршіп тұр

Коронавирус пандемиясы кезінде көшеде маска тағып кетіп бара жатқан адам. Көрнекі сурет.
Коронавирус пандемиясы кезінде көшеде маска тағып кетіп бара жатқан адам. Көрнекі сурет.

Жаппай вакциналау ісі баяу қозғалып жатқан АҚШ-та коронавирус індеті одан әрі өршіп, бақылаудан шығып барады. 8 қараша күні елде коронавирус жұқтырғандардың күнделік саны рекорд жаңартты. Бір күнде 310 мың науқас тіркелді. Аурудан қайтыс болғандар 3777 адамға артып 370 мыңға жуықтады.

330 миллион тұрғыны бар АҚШ-та желтоқсанның ортасында жаппай вакциналау науқаны басталған. Алайда бұл іс баяу қозғалып жатыр. Бар болғаны тек 6 миллион адамға екі рет салынатын вакцинаның алғашқы бөлігі салынған.

Ал Ұлыбританияда тәулік ішіндегі Covid өлімі рекорд жаңартты. Бір күнде 1325 өлім тіркеліп, коронавирустан қайтыс болғандар саны 80 мыңға жуықтады. Бұған дейінгі рекорд былтыр сәуірде болған. Ол кезде 1224 өлім тіркелген.

Елде "коронавирус жұқтырғандай әрекет ет" дейтін науқан басталды. Елде 8 қаңтар күні коронавирус жұқтырғаны расталғандар саны 68 мыңға артып, барлығы 2 миллион 957 мыңға жетті.

Лондон мэрі Садик Хан ауруханалардың лық толуына байланысты төтенше жағдай жариялады.

"Егер вирустың тарауын дереу тоқтатпасақ, ауруханаларда науқастарды қабылдайтын төсек қалмайды" деді ол.

8 қаңтар күні Испанияда 25 456 Covid науқасы тіркелді. Бұл – індет басталғалы екінші ең жоғары көрсеткіш. Джонс Хопкинс университетінің дерегіне қарағанда, елде вирус жұқтырғаны расталғандар саны 2 миллион 50,3 мың адамға жеткен, аурудан 60 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Коронавирустан қайтыс болғандардың күнделік саны Германияда да рекорд жаңартты. Елді бір күнді 1188 Covid өлімі тіркеліп, аурудан қайтыс болғандар саны 38,7 мыңға жетті. Мұның алдындағы рекорд 30 желтоқсан күні болған. Ол күні 1129 өлім анықталған. Елде бір күнде 31,8 мың адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Ал ауруға шалдыққандардың жалпы саны осымен 1,9 миллионға жуықтады.

11:42 9.1.2021

871 науқас, 7 өлім. Коронавирус пен соған ұқсас пневмонияның тәулік дерегі

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

8 қаңтар күні Қазақстанда ПТР тестімен расталған коронавируспен 843 науқас, төрт өлім, ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясымен 28 науқас, үш өлім тіркелді.

ПТР тестімен расталған коронавирустың тәулік дерегі бойынша, аймақтар арасында Алматы қаласы бірінші орында. Қалада бір күнде 135 науқас тіркелген. Бұл – қыркүйектен бергі ең жоғары көрсеткіш. Қалада вирус жұқтырғаны расталғандар саны осымен 19,4 мыңға жетіп отыр. Оның 17,8 мыңы жазылып шыққан, 398-і қайтыс болған.

Бір күн ішінде тіркелген Covid науқастарының жүзден асқан аймақтардың қатарында Павлодар облысы да бар. Онда өткен тәулікте 114 науқас анықталған. Облыста қараша айының соңында күн сайын осыған шамалар науқас тіркеліп, кейіннен көрсеткіш аздап төмендеген. Облыста барлығы 9779 адамның коронавирус жұқтырғаны расталып отыр. Оның 8390-ы жазылып шыққан, 87-сі қайтыс болған.

Қалған аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Шығыс Қазақстан облысында - 19219 (+47),
Нұр-Сұлтан қаласында -19159 (+70),
Атырау облысында – 14265 (+92),
Қарағанды облысында – 12371 (+38),
Павлодар облысында – 9779 (+114),
Батыс Қазақстан облысында – 9531 (+49),
Солтүстік Қазақстан облысында – 9079 (+55),
Қостанай облысында – 8041 (+64),
Ақмола облысында – 7716 (+58),
Алматы облысында – 7531 (+55),
Шымкент қаласында -5570 (+15),
Жамбыл облысында – 5112 (+18),
Маңғыстау облысында – 3790 (+11),
Ақтөбе облысында -3744 (+3),
Түркістан облысында – 3750 (+13),
Қызылорда облысында -3435 (+6).

Өткен тәулікте ПТР тестімен расталған коронавирус науқастарының 751-і жазылып шықты. Осымен 13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталғандар саны 161,5 мыңға, аурудан жазылғандар 148,3 мыңға жетті, 2319 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғаны расталған бірақ Covid өлімі жөніндегі ұлттық статистикаға қосылмаған жүздеген адам бар. Билік оларды "ілеспе аурудан қайтыс болды" деп санайды.

Есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясының дерегі аймақ бойынша жарияланбайды.

Тамыздың басынан бері пневмонияның бұл түрі 46,2 мың адамнан анықталып, оның 33,6 мыңы жазылған, 522-сі қайтыс болған.

10:26 8.1.2021

Өткен тәулікте 907 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

7 қаңтарда Қазақстанда 907 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды: 831 адамның ПТР-тесті оң шыққан. 76 адам пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне шалдыққан. Бір күнде 3 адам Covid-тен қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігінің 8 қаңтар таңертең таратқан хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

Бейсенбі күні Алматыда - 128, Атырау облысында - 107, Павлодар облысында - 87, Нұр-Сұлтан қаласында - 76, Қостанай облысында - 65, Ақмола облысында - 59, Солтүстік Қазақстан облысында - 57, Шығыс Қазақстан облысында - 50, Батыс Қазақстан облысында - 43, Қарағанды облысында 35 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар саны 20-ға да жетпейді.

Наурыз айынан бері 160 650 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 352 адам қайтыс болған. 147 512 адам жазылған.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, ауру лаборатория арқылы расталмаған пневмониямен ауырғандардың статистикасын былтырғы 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Оған дейін бұл аурумен қанша адам ауырғаны белгісіз. Содан бергі кезеңде мұндай пневмониямен 46 190 адам тіркелді, 519 науқас қайтыс болды.

Қазір 22 776 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 291 адамның жағдайы ауыр, 49 науқастың жағдайы өте ауыр. 50 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

09:18 8.1.2021

Еуропада коронавирус жұқтырғандар 25 миллионнан асты

Еуропада (Ресейді қосқанда) індет басталғалы бері коронавирус жұқтырғандар 25 миллионға жеткен. Еуропа елдері үкіметтерінің ресми мәліметіне сүйеніп есептеген Reuters агенттігі осылай деп хабарлады.

3 миллион 300 мыңнан астам тұрғынынан вирус анықталған Ресей тізімде бірінші орында тұр. Еуропаның сегіз елінде науқастар саны миллионнан асқан. Арасында Украина да бар.

Індет басталғалы бері бір жыл ішінде Еуропада жарты миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмған. Еуропада әлем халқының оннан бір бөлігі тұрады, бірақ әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың 30 пайызы осы аймақ үлесінде. Коронавируспен байланысты адам өлімі көрсеткіші де Еуропада жоғары.

Еуропаның бірқатар елдері кейінгі кезде карантин мерзімін созып, кейбірі қатайтты. Германияда өткен тәулікте мыңнан астам адам Covid-тен қайтыс болған. Елде локдаун мерзімі қаңтар айының соңына дейін ұзартылды. Францияда мейрамханалар мен дәмханалар, сонымен бірге шаңғы тебетін орындар кемінде 20 қаңтарға дейін жабық болады. Француз-британ шекарасында қозғалысқа шектеу қойылды. Ұлыбританияда локдаун одан да бұрын күшіне енген.

Желтоқсан айында Ұлыбритания мен Еуроодақта коронавирус инфекциясына қарсы егу басталған. Әзірге тәуекел топтарға кіретін адамдарға салынып жатыр. Еуроодақта "жаппай вакцинация бағдарламасын баяу жүзеге асырып жатқаны үшін" билікке сын да айтылып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, Еуроодақ тұрғындарының бір пайызға жуығы, британдықтардың шамамен екі пайызына вакцина егілген.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG