Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:55 12.2.2021

Қазақстанда тағы 1 033 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 5 адам өлімі тіркелді

Қазақстанда тағы 951 адамның коронавирус тесті оң шықты. 82 адамға коронавирус диагнозы қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 12 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 5 адам өлімі тіркелген: 4 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 200 044 адамға жеткен. 181 974-і жазылған. Өткен тәулікте 1 167 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 630 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 522 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 592 адам қайтыс болған. 38 523 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 24 847 адам емделіп жатыр. (9 407-ісінің ПТР тесті теріс шыққан, 15 440 адамның ПТР тесті оң шыққан). 5 372 науқас стационарда емделіп жатыр. 255 адамның жағдайы ауыр, 53 науқастың жағдайы өте ауыр. 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

11 ақпан күнгі мәлімет бойынша, коронавирустың тарауы бойынша Павлодар мен Ақмола облыстары "қызыл аймақта" қалған. Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облысы – "сары аймақта". Қалғаны – "жасыл аймақта".

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 107 млн 749 мыңнан асты. 60 млн 257 мың адам жазылған. 2 млн 366 мың науқас қайтыс болған.

10:57 11.2.2021

Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл аймақтан" шықты

Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия өкілдері ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының "қызыл аймақтан" шыққанын хабарлады. Қазір "қызыл аймақта" Ақмола мен Павлодар облысы қалған. "Сары аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облысы тұр. Қалғаны - "жасыл аймақта".

Қазақстанда кейінгі кезде күніне 1000-1200 аралығында науқас тіркеліп жүр. 2020 жылдың наурыз айынан бері 199 мыңнан астам адамның коронавирус тесті оң шыққан. 1 тамыздан бері 48 мың адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Індет басталғалы бері 3200-ден астам қайтыс болған.

09:22 11.2.2021

Қазақстанда тағы 1 059 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 9 адам өлімі тіркелді

Қазақстанда тағы 1 007 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. 52 адамға коронавирус диагнозы қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 11 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 9 адам өлімі тіркелген: 5 адам - коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

Коронавирус жұққан науқастарға көмектесіп жүрген еріктілер.
Коронавирус жұққан науқастарға көмектесіп жүрген еріктілер.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 199 093 адамға жетті. 180 807-і жазылған. Өткен тәулікте 1530 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 626 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 440 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 591 адам қайтыс болған. 38 237 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 25 272 адам емделіп жатыр. (9 612-ісінің ПТР тесті теріс шыққан, 15 660 адамның ПТР тесті оң шыққан). 5 318 науқас стационарда емделіп жатыр. 260 адамның жағдайы ауыр, 48 науқастың жағдайы өте ауыр. 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

10 ақпан күнгі ақпарат бойынша, екі облыс пен бір қала – "қызыл аймақта" (Нұр-Сұлтан, Павлодар және Ақмола облысы). Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облысы – "сары аймақта". Қалғаны – "жасыл аймақта".

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 107 млн 297 мыңнан асты. 59 млн 986 мың адам жазылған. 2 млн 352 мың науқас қайтыс болған.

09:04 11.2.2021

ПТР тесті оң шыққан тағы 1 007 адам тіркелді

10 ақпанда Қазақстанда тағы 1 007 адамның ПТР тесті оң шыққаны хабарланды. Павлодар облысында 180 адамнан коронавирус анықталған.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 23 482 (+131 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 23 202 (+95),

Шығыс Қазақстан облысында - 20 944 (+75),

Атырау облысында - 16 562 (+21),

Қарағанды облысында - 14 521 (+66),

Павлодар облысында - 15 787 (+180),

Батыс Қазақстан облысында - 11 872 (+87),

Солтүстік Қазақстан облысында - 11 633 (+65),

Қостанай облысында - 11 131 (+78),

Ақмола облысында - 12 350 (+87),

Алматы облысында - 9 878 (+48),

Шымкент қаласында - 5 975 (+20),

Жамбыл облысында - 5 709 (+18),

Маңғыстау облысында - 4 135 (+7),

Түркістан облысында - 4 194 (+12),

Ақтөбе облысында - 4 043 (+8),

Қызылорда облысында - 3 675 (+9).

2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 199 093 адамға жеткен.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG