Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:50 19.3.2020

Фотогалерея: Алматы жұртын әуреге салған карантин

Наурыздың 19-ына қараған түні Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. Екі қалаға көлікпен кіріп-шығуға тыйым салынады. Алматы әкімдігі қаладан шығып не кіріп үлгермеген тұрғындарға наурыздың 22-сіне дейін уақыт берді. Қатынауға шектеу қойылған тұста Алматының кіреберісінде қозғалыс жиілеп, қалаға кіріп-шыққандар кезекке тұрып, көліктер тығында бөгелді.

Карантинге жабылған Алматы іргесіндегі қарбалас

Азаматтар Алматыдан шығып кету үшін қала іргесіндегі өткізу-бақылау пунктінде кезек күтіп тұр. Жергілікті билік "жұмысы қалада, өзі облыста тұратындарды өткізбейміз" деп мәлімдеді. Бас прокуратура талапқа бағынбай, карантин ережесін бұзғандар жазаға тартылатынын ескертті. Алматы, 19 наурыз 2020 жыл.
1/10 Азаматтар Алматыдан шығып кету үшін қала іргесіндегі өткізу-бақылау пунктінде кезек күтіп тұр. Жергілікті билік "жұмысы қалада, өзі облыста тұратындарды өткізбейміз" деп мәлімдеді. Бас прокуратура талапқа бағынбай, карантин ережесін бұзғандар жазаға тартылатынын ескертті. Алматы, 19 наурыз 2020 жыл.
Коронавирустан қорғану үшін арнаулы киім киген бақылаушылар қаладан шығып бара жатқан көлік жүргізушілерінің құжатын тексеріп жатыр. Бақылаушылар жүргізушілердің жеке бас деректерін жазып алды. Алматы әкімдігінің сөзінше, қалада тіркеуі жоқ азаматтар қайта кіргізілмейді. Ресми дерек бойынша, Алматыға күн сайын сырттан 250 мыңдай көлік кіріп-шығады.

2/10 Коронавирустан қорғану үшін арнаулы киім киген бақылаушылар қаладан шығып бара жатқан көлік жүргізушілерінің құжатын тексеріп жатыр. Бақылаушылар жүргізушілердің жеке бас деректерін жазып алды. Алматы әкімдігінің сөзінше, қалада тіркеуі жоқ азаматтар қайта кіргізілмейді. Ресми дерек бойынша, Алматыға күн сайын сырттан 250 мыңдай көлік кіріп-шығады.

Карантинге дейін қарбаласта басқа қаладағы үйіне қайтуға асығып жатқандар көп. Бақылаушылар қаладан шығып бара жатқан азаматтардың да аты-жөнін, туған жылы мен телефон нөмірін жазып алып жатыр. Мыңдаған адам іргедегі аудандардан Алматыға қатынап жұмыс істейді. Қала әкімдігі "Алматыда облыс аумағында тұратын азаматтарды қалаға кіргізбейміз немесе уақытша баспана іздесін" дейді.

3/10 Карантинге дейін қарбаласта басқа қаладағы үйіне қайтуға асығып жатқандар көп. Бақылаушылар қаладан шығып бара жатқан азаматтардың да аты-жөнін, туған жылы мен телефон нөмірін жазып алып жатыр. Мыңдаған адам іргедегі аудандардан Алматыға қатынап жұмыс істейді. Қала әкімдігі "Алматыда облыс аумағында тұратын азаматтарды қалаға кіргізбейміз немесе уақытша баспана іздесін" дейді.

Алматыдан шығып бара жатқан жүргізушілер. Коронавирус жұққандар саны күрт артқан шақта маска таққандар да көбейді.
4/10 Алматыдан шығып бара жатқан жүргізушілер. Коронавирус жұққандар саны күрт артқан шақта маска таққандар да көбейді.
Алматы шетінде маска киген әскери жол бойына темір қоршау қойып жатыр. Қалаға қатынап жұмыс істейтін Алматы облысының "кредиті барын" айтқан кейбір тұрғыны "жол жабылса табыстан қағыламыз" деп алаңдайды. Наурыздың 17-сінде Қазақстан билігі төтенше жағдайға байланысты жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне несие қарызын төлеу мерзімін кейінге қалдыру жоспарда барын айтты.
5/10 Алматы шетінде маска киген әскери жол бойына темір қоршау қойып жатыр. Қалаға қатынап жұмыс істейтін Алматы облысының "кредиті барын" айтқан кейбір тұрғыны "жол жабылса табыстан қағыламыз" деп алаңдайды. Наурыздың 17-сінде Қазақстан билігі төтенше жағдайға байланысты жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне несие қарызын төлеу мерзімін кейінге қалдыру жоспарда барын айтты.
Карантинге жабылған қала іргесінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Наурыздың 19-ынан бастап, аудан, облыстардан қатынайтын автобустар да тоқтайды.
6/10 Карантинге жабылған қала іргесінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Наурыздың 19-ынан бастап, аудан, облыстардан қатынайтын автобустар да тоқтайды.
Медициналық маска киген әскери блокбекетті бақылап тұр. Бақылау күшейген мұндай блокбекеттер Алматыға көлікпен кіріп-шығатын 27 жерге орнатылған.
7/10 Медициналық маска киген әскери блокбекетті бақылап тұр. Бақылау күшейген мұндай блокбекеттер Алматыға көлікпен кіріп-шығатын 27 жерге орнатылған.
Полицей жабылған көше бойын бақылап тұр. Карантин уақытында қала ішінде адамдардың ары-бері жүруіне тыйым салынбайды, қоғамдық көліктер жүре береді. Наурыздың 22-сі түнгі сағат 00.00-де қала толық жабылады. Пойыздар мен ішкі рейстер тоқтайды. Алматы тұрғындары осы уақытқа дейін қалаға кіріп не шығып үлгеруі тиіс.
8/10 Полицей жабылған көше бойын бақылап тұр. Карантин уақытында қала ішінде адамдардың ары-бері жүруіне тыйым салынбайды, қоғамдық көліктер жүре береді. Наурыздың 22-сі түнгі сағат 00.00-де қала толық жабылады. Пойыздар мен ішкі рейстер тоқтайды. Алматы тұрғындары осы уақытқа дейін қалаға кіріп не шығып үлгеруі тиіс.
Блокбекет қойылған көше бойында тұрған полицейлер. Қала әкімдігі "карантин кезінде Алматыға жедел медициналық жәрдем, құтқару қызметі сияқты көліктерге ғана кіруге рұқсат беріледі". Олар қалаға кірмес бұрын дезинфекцияланады.
9/10 Блокбекет қойылған көше бойында тұрған полицейлер. Қала әкімдігі "карантин кезінде Алматыға жедел медициналық жәрдем, құтқару қызметі сияқты көліктерге ғана кіруге рұқсат беріледі". Олар қалаға кірмес бұрын дезинфекцияланады.
Полицей жабылған көше бойын бақылап тұр. Наурыздың 19-ындағы кешкі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, әлемде коронавирус жұққандар саны 225 мыңнан асты. 9 мыңнан аса адам вирустан қаза тапты. Айыққандар – 85,8 мың.
10/10 Полицей жабылған көше бойын бақылап тұр. Наурыздың 19-ындағы кешкі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, әлемде коронавирус жұққандар саны 225 мыңнан асты. 9 мыңнан аса адам вирустан қаза тапты. Айыққандар – 85,8 мың.
Previous slide
Next slide

17:58 19.3.2020

Әлемде қанша миллион оқушы мектепке бара алмай отыр?

Сербияда оқушылар сабақты телеарна арқылы оқып жатыр. 17 наурыз 2020 жыл.
Сербияда оқушылар сабақты телеарна арқылы оқып жатыр. 17 наурыз 2020 жыл.

UNESCO дерегінше, қазір әлемнің 113-тен астам елінде коронавирус салдарынан мектептер жабылып, кем дегенде 849,4 миллион бала сабаққа бармай үйде отыр. Бұл елдердің қатарында Қазақстанда бар. Елде мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап ерте каникулға кеткен. Ал Түркия басылымдарының хабарлауынша, бұл ел 21-27 наурыз аралығында мектеп оқушыларына мемлекеттік TRT арнасының эфирі арқылы сабақ өткізбек.

18:37 19.3.2020

Ондаған қазақстандық Мәскеу мен Омбы әуежайынан ұша алмай отыр

Мәскеудің Внуково әуежайындағы ұшақ.
Мәскеудің Внуково әуежайындағы ұшақ.

14 қазақстандық қазір Мәскеудегі Внукова әуежайынан елге орала алмай отыр. Олардың рейстері ұшпайтын болған. Қазақстандықтар Доминикан республикасынан, Германиядан, Үндістаннан және Шри-Ланкадан келе жатқан. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеумен қазақстандықтарды қаладағы басқа әуежай арқылы ұшыру жағын ақылдасып жатқанын хабарлады.

Бұдан бөлек, 26 қазақстандық, оның бірі бала, Омбыдан Қазақстанға ұша алмай отыр. Қазақстан елшілігінің дерегінше, Омбыда қалып қойғандар – Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл тұрғындары. Олар транзит арқылы Вьетнамнан келе жатқан. Елшіліктің дерегінше, сегіз адам 20 наурызда соңғы рейспен Нұр-Сұлтанға ұшуға келіскен, қалғандары автокөлікпен қайтпақ.

19:03 19.3.2020

Маска киген не үшін маңызды? Маска вирустан қаншалықты қорғайды? Білу керек бес дерек.

Маска және коронавирус жайлы ең маңызды бес дерек Маска және коронавирус жайлы ең маңызды бес дерек
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

Тағы

XS
SM
MD
LG