Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

15:57 1.5.2020

Ресейде бір күнде 8 мыңға жуық адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде бір күнде 7933 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы жедел штаб өкілдері хабарлады. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Ресейде бір күнде коронавирус инфекциясынан 96 адам қайтыс болды.

Елде жалпы 114 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 1169 адам қайтыс болған. 13 мыңнан астам адам жазылған.

Вирус жұқтырғандар саны жағынан Ресей астанасы Мәскеу алда тұр. Мұнда 3,5 мыңнан астам науқас бар. Соңғы бір күн ішінде Ресейдің барлық аймағында (аннексияланған Қырым мен Севастопольді қосқанда) коронавирус табылған.

Жұмыссыз апта режимінің созылғанына бір айға жуық уақыт болды. Елдің басым бөлігінде карантиндік шаралар енгізілген. Билік өкілдері эпидемия мамыр айының басында шарықтау шегіне жетеді деп болжайды.

Америкалық Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде вирус жұқтырғандар 3,2 млн адамға жеткен. 233 мың адам қайтыс болған.

16:39 1.5.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 23 адамға көбейді

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 1 мамыр кешкі сағат 17.30-да коронавирус инфекциясы тағы 23 адамнан табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Шымкентте - 3, Ақтөбе облысында - 5, Атырау облысында - 6, Павлодар облысында - 3, Түркістан облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.

Барлығы 3574 адамға вирус жұққан. 899 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3574 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 1143
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 652
  • Қызылорда облысы – 204
  • Шымкент қаласы – 204
  • Қарағанды облысы – 151
  • Атырау облысы – 146
  • Батыс Қазақстан облысы – 152
  • Түркістан облысы – 128
  • Павлодар облысы – 145
  • Алматы облысы – 138
  • Жамбыл облысы – 136
  • Ақмола облысы – 99
  • Ақтөбе облысы – 114
  • Қостанай облысы – 50
  • Маңғыстау облысы – 55
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23
22:33 1.5.2020

Қазақстанда тағы 23 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 1 мамыр түнгі сағат 23.20-да коронавирус инфекциясы тағы 23 адамнан табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 7, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Ақтөбе облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында - 4, Қарағанды облысында - 1, Қызылорда облысында - 3, Маңғыстау облысында 2 адамға вирус жұққаны анықталған.

Барлығы 3597 адамға вирус жұққан. 922 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3597 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 1150
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 653
  • Қызылорда облысы – 207
  • Шымкент қаласы – 204
  • Қарағанды облысы – 152
  • Атырау облысы – 146
  • Батыс Қазақстан облысы – 153
  • Түркістан облысы – 128
  • Павлодар облысы – 145
  • Алматы облысы – 138
  • Жамбыл облысы – 140
  • Ақмола облысы – 99
  • Ақтөбе облысы – 118
  • Қостанай облысы – 50
  • Маңғыстау облысы – 57
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23
09:32 2.5.2020

Қазақстанда 74 адамнан коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 2 мамыр таңертеңгі сағат 10.25-те коронавирус инфекциясы тағы 74 адамнан табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 26, Нұр-Сұлтан қаласында - 16, Ақмола облысында - 1, Атырау облысында - 15, Батыс Қазақстан облысында - 10, Қызылорда облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Ақтөбе облысында 4 адамға вирус жұққаны анықталған.

Барлығы 3671 адамға вирус жұққан. 922 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.

Коронавирус жұқтырған 3597 адам мына аймақта:

  • Алматы қаласы – 1176
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 669
  • Қызылорда облысы – 208
  • Шымкент қаласы – 204
  • Қарағанды облысы – 152
  • Атырау облысы – 161
  • Батыс Қазақстан облысы – 163
  • Түркістан облысы – 128
  • Павлодар облысы – 146
  • Алматы облысы – 138
  • Жамбыл облысы – 140
  • Ақмола облысы – 100
  • Ақтөбе облысы – 122
  • Қостанай облысы – 50
  • Маңғыстау облысы – 57
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23

Тағы

XS
SM
MD
LG