Өткен тәулікте (16 желтоқсан) Қазақстанда коронавирус дерті ПТР арқылы расталған 788 адам, ал осы инфекция белгілері бар пневмониямен 159 адам тіркеуге алынды. 7 адам қайтыс болды.
Covid жұқтырғандардың аймақтар бойынша статистикасына қарасақ, Ресеймен шекаралас солтүстік және шығыс аймақтарда эпидемиялық ахуал күрделірек. Өткен тәулікте Павлодар облысында дерті ПТР-мен расталған 88 адам, Қостанайда - 70, Шығыс Қазақстан облысында - 69, Солтүстік Қазақстан облысында 65 адам тіркелді.
Басқа аймақтарда вирус жұқтырғандар едәуір аз.
Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомоствоаралық комиссия ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте Covid-тен 746 адам, ал пневмониядан 158 адам емделіп шыққан.
Жалпы ел бойынша осы уақытқа дейін коронавируспен ауырғандар саны 144 523 адамға, ал соған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны 44 314 адамға жетті. Пневмония көрсеткіштері биылғы 1 тамыздан бастап саналады. 160 731
Ресми мәлімет бойынша, коронавирус пен белгілері соған ұқсас пневмониядан 2 613 кісі көз жұмды, қалғандары емделіп шықты. Дәл қазір 25 мыңға жуық адам емделіп жатыр.
ПІКІРЛЕР