Accessibility links

Коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші тағы өсті


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырып тіркелгендер саны тағы өсті, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтанда ауырғандар күрт көбейген. Республика бойынша бір күнде 1 310 кісі осы инфекциямен тіркелген. Соның ішінде 437 науқас – Алматыдан, 280 адам – Нұр-Сұлтаннан. Алдыңғы тәулікте бұл көрсеткіш 1 124 адам болған. Бұл жөнінде коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Өткен тәулікте 819 адам дертінен жазылып шыққан. 18 наурызда Covid-тен 8 адам, "соған ұқсас пневмониядан" - 1 адам көз жұмған.

Қазақстанда Covid расталған (КВИ+) адамдар саны 230 527 болды. Бұған қоса, дерті ПТР тестімен расталмағанымен, клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсайтын "пневмониямен" (КВИ-) ауырған 50 049 адам санаққа алынды. Бұл санақ былтырғы 1 тамыздан жүргізіледі.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус індеті келген былтырғы наурыздан бері Covid пен соған ұқсас пневмониядан 3 559 адам көз жұмған. Бірақ бейресми болжамдарда қайтыс болғандар саны бұдан әлдеқайда көп делінеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің 20 наурыздағы мәліметі бойынша, осы күні Қазақстанда 20 583 адам коронавирус инфекциясынан (17 179 КВИ+ және 3 404 КВИ-) емделіп жатыр, соның ішінде 5 914 науқас стационарға жатқызылған.

Коронавирусы расталған, расталмағандар арасында 250 адамның жағдайы ауыр, 64 пациенттің халі өте ауыр, ал 34 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG