Өткен тәулікте (7 қараша) Қазақстанда ПТР тесті негізінде коронавирус жұқтырған 723 адам анықталды. Оның 353-і Шығыс Қазақстан облысында.
Аймақтар бойынша көрініс мынадай:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 49;
- Алматы қаласы – 28;
- Шымкент қаласы – 6;
- Ақмола облысы – 43;
- Ақтөбе облысы – 8;
- Алматы облысы – 11;
- Атырау облысы – 5;
- Шығыс Қазақстан облысы – 353;
- Жамбыл облысы – 4;
- Батыс Қазақстан облысы – 43;
- Қарағанды облысы – 17;
- Қостанай облысы – 57;
- Маңғыстау облысы – 3;
- Павлодар облысы – 63;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 32;
- Түркістан облысы – 1.
Жалпы елде вирус жұқтырған 116 162 адам тіркелді. Бұл статистикаға дәрігерлер "коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония" деп тіркеген 39 058 адамды қосу керек. Қазақстан мұндай науқастарды 1 тамыздан бастап қана санаққа алып жүр. Бұған дейін ауырғандар санаққа кірмей қалған.
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте "коронавирусқа ұқсас пневмониямен" ауырған 176 адамды тіркеді, бір кісі қайтыс болды, 59 адам жазылды.
Індеттен көз жұмғандар саны да артып барады. Ресми мәлімет бойынша, Covid-тен 2302 кісі қайтыс болған. Олардың 409-ы - "пневмониядан" қайтқандар.
ПІКІРЛЕР