Accessibility links

Мәмбеталин-Нарымбаев ісі: куәгерлердің жауабы


Мәмбеталин-Нарымбаев ісі: куәгерлердің жауабы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00

«Араздық қоздырды» деп айыпталған азаматтық белсенділер – Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталиннің ісі бойынша 8 қаңтардағы сот отырысына айыптаушы жақтың куәгерлері шақырылды. Сот «Ветер с улицы» кітабының авторы Мұрат Телібеков, «Алма ТВ» компаниясы бас директорының кеңесшісі Александр Ляхов, Алматы қаласы бойынша ішкі істер департаменті тергеушісі Алексей Чапурин және ұлттық қауіпсіздік комитеті IT-мамандарының айтқандарын тыңдады. Бұл күні Нарымбаев пен Мәмбеталин сотқа күшейтілген күзетпен жеткізілді. Екеуі сот залында екі күзетшіге қосақтала кісенделген күйі жарты сағаттай отырды. Бұдан соң судья Марал Жарылғасова екі белсендінің қолындағы кісенді шешуге рұқсат етті. Бұл кезде сот үйінің фойесінде сотталушылардың жақтастары Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің атына судья Жарылғасованың үстінен шағымға қол жинап жатқан еді. Сот барысын қадағалап отырған белгілі қазақстандық адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис сотталушыларға тағылған айыптар туралы пікірін білдірді.

XS
SM
MD
LG