Accessibility links

ДМҰ: Орталық Азия мұздықтарынан айырылып жатыр

Орталық Азияда су қоры мен мұздықтар шоғыры қысқарып жатыр. Дүниежүзілік метеорология ұйымының зерттеушілері осындай қорытынды жасап отыр. Сарапшылар кейінгі бес жылдағы көрсеткіштерді зерттеп, оларды 1991-2020 жыл аралығындағы деректермен салыстырған. Ғалымдардың бағалауынша, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстандағы су қоймаларына баратын су айтарлықтай азайған.

Орталық Азия әлемде өзен ағысы қалыпты деңгейден төмен немесе айтарлықтай төмен елдердің қатарына кіреді. Әсіресе, аймақтағы ірі өзендер - Әмудария мен Сырдария құятын Арал теңізі бассейніндегі жағдай өте күрделі.

Мұздықтардың жағдайы ерекше алаңдатады. Орталық Азия тауларында мұз жиналғаннан гөрі тез еріп жатыр. Бұл тұрғыда аймақ мұздықтарын тез жоғалтып жатқан алғашқы үш аймақтың қатарына кіреді.

2023-2025 жылдары әлемде мұздықтар еріп, шамамен 1400 гигатонна суға айналған. Кейінгі бес жылда теңіз деңгейінен жоғары мұздықтардың 6,2 пайызы еріп кеткен. Ал Орталық Азияда өзендердің жартысынан көбі қар-мұздан қорек алады.

Ұйымның болжамы бойынша, 21 ғасырдың соңына қарай аймақта мұздықтар қатты азайып, өзендер сусыз қалуы мүмкін.

Айдар
XS
SM
MD
LG