Accessibility links

Шығыс Қазақстан өңірінде жер астында қалып қойған кенші құтқарылды


Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер-Сокольный кенішінде 5 қаңтар күні тау жынысы құлағаннан кейін жер астында қалып қойған жұмысшыны 7 қаңтарда құтқарушылар аман-есен алып шықты деп хабарлады сейсенбі күні "Қазмырыш" компаниясы.

Кәсіпорын таратқан ақпаратта өткен жексенбіде "суланған тау жынысы" құлаған кезде жер астында бұрғылау жұмысын істеп жүрген жұмысшы сыртқа шыға алмай, қамалып қалғаны айтылған. Тау жынысы құлағаны туралы хабар түскеннен кейін компания жер астында жұмыс істеп жүрген адамдарды түгелдей сыртқа шығарған.

Жер астында қалып қойған жұмысшымен арада үзілген байланысты тек 6 қаңтарда қалпына келтірген. Ал 7 қаңтарда сағат таңғы 3-тің шамасында құтқарушылар оны жер астынан алып шыққан.

"Оның денсаулық жағдайы қалыпты, толық тексеруден өткізу мақсатында ауруханаға жіберілді" деп хабарлады "Қазмырыш".

Компания Риддер тау-кен кешеніндегі төтенше оқиғаны тексеру үшін комиссия құрылғанын хабарлады.

"Қазмырыш" - Қазақстанда мырыш, қорғасын, мыс пен қымбат металдар өндіретін ірі компания. Шығыс Қазақстане, Қарағанды мен Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. "Қазмырыш" ақпаратында "бас инвестор" ретінде Швейцариялық Glencore International Ag. компаниясы көрсетілген.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG