Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан US Open жарысының финалына шықты. Ол жартылай финалда америкалық теннисші Коко Гауффты үш сетте жеңді.
Рыбакина бірінші сетте 3:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, екінші және үшінші сетте 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Қазақстан теннисшісі финалда Арина Соболенкомен (Беларусь) кездеседі. Финалдың нәтижесіне қарамастан Рыбакина келесі аптадан бастап әлемнің бірінші ракеткасы болады. Ал қазірге дейін рейтингіде бірінші орында болған Соболенко екінші орынға сырғиды.
Рыбакина Grand Slam турнирлерінің қатарына кіретін US Open жарысының финалына алғаш рет шықты. Ол бұған дейін Grand Slam жарыстары – Wimbledon және Australian Open жарысында жеңіске жеткен еді.
Финал сенбі, 12 қыркүйекте болады.