Accessibility links

Елена Рыбакина WTA-2026 қорытынды турниріне қатыспайды

Елена Рыбакина.
Елена Рыбакина.

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты WTA Finals жарысынан бас тартты. Бұл туралы sportarena.kz хабарлады.

«Өкінішке қарай, биыл WTA қорытынды турниріне қатыса алмайтынымды жанкүйерлеріме және мені қолдап жүрген жандарға хабарлау маған өте қиын. Мен үшін бұл маусым керемет өтті, алайда қазір ағзам жарысқа қатысуға физикалық тұрғыдан дайын емес. Үйге барып, біраз демалып, күш жинап, 2027 жылғы маусымға дайындалуды жоспарлап отырмын. WTA қорытынды турнирі мен үшін ерекше жарыс. Осы аптада бақ сынайтын спортшылардың барлығына сәттілік тілеймін. Наурыз айында Индиан-Уэллске қайта оралуды асыға күтемін!» — деп журналист Кристиан Бэснайт Елена Рыбакинаның сөзінен Х желісінде үзінді келтіреді.

Бұған дейін қазақстандық спортшы 6 қараша күнгі баспасөз жиынын 7 қарашаға ауыстырған еді. Сенбі, 7 қарашада Рыбакина Canal+ телеарнасына сұхбат беріп жатқанда өзін жайсыз сезініп, сұхбатты тоқтатуға тура келген.

Беделді турнирдің чемпионы атағына украиналық спортшы Марта Костюк, америкалықтар Кори Гауфф пен Джессика Пегула, чехиялықтар Линда Носкова мен Каролина Мухова, ресейлік Мирра Андреева, украиналық Элина Свитолина және беларусьтік Арина Соболенко таласады.

Қыркүйекте Рыбакина Grand Slam турнирлері қатарына енетін US Open жарысында жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Мәскеуде туған Елена Рыбакина 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG