Еуроодақ Ресейге қарсы 20-санкция пакетін бекітті және оған алғаш рет Қырғызстан да тіке ілінді. Шектеулер елдің қаржы секторын қамтиды: ЕО 2025 жылы Ұлыбритания шектеу қойған Керемет банк және Бақай банкпен транзакция жүргізуге тыйым салды.
Брюссельдегілердің пікірінше, бұл банктер Ресейге қарсы санкцияны айналып өту үшін қолданылған болу мүмкін.
Ендігәрі Еуропа компаниялары мен банктері аталған ұйымдармен операция жүргізе алмайды. Тек гуманитарлық төлемдерге қатысты қандай да бір ерекшелік болуы мүмкін.
Бұған қоса, стейблкоин сататын биржаға иелік ететін қырғызстандық A7A5 ұйымы да санкцияға ілінді. Бұл 2025 жылы пайда болған ресейлік рубльге байланған цифрлық актив және елдер арасындағы есеп айыруды жеңілдету үшін қолданылады. ЕО өкілдері мұндай құралдар санкцияны айналып өтуі үшін пайдаланылуы мүмкін деп санайды.
Тұтас алғанда, бұл халықаралық төлемдердің күрделенуіне, қаржылық операцияларды бақылаудың күшеюіне және халықаралық серіктестермен жұмыс істейтін банктер мен компанияларға қосымша қысымды үдетуі мүмкін. Қырғызстан билігі әзірге салмақты реакция танытып отыр.
ЕО-ның 20-санкция пакеті – Украинамен соғысып жатқан Ресейге қысым жасау саясатының бір бөлігі. Ол бұған дейін салынған шектеулерді айналып өтуге кедергі келтіруге бағытталған.
Осы пакет аясында ресейлік банктер мен компанияларға, жекелеген тұлғаларға, арасында Тимати да бар, санкцияға ілінді. Санкцияны айналып өтіп, Ресейдің мұнайын сататын "көлеңкелі флотқа" да салынған.