Accessibility links

Еуропада 10-нан астам ұшақтың экипажына бомба қойылғаны туралы хабар келген

5 қараша, бейсенбі күні Еуропа қалалары арасында қатынайтын бірнеше жолаушылар ұшағына бомба қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті. Кейбір ұшақтар басқа әуежайларға бағытталса, бір рейстің жолаушылары ұшақ қонғаннан кейін эвакуацияланды.

Румынияда Миланнан Бухарестке ұшқан Wizz Air ұшағынан 200-ге жуық жолаушы эвакуацияланды. Ал Дублин–Рим бағытымен ұшқан Aer Lingus әуе кемесі Франциядағы әскери базаға қонды. Хельсинкиден Римге бағыт алған Finnair ұшағы болса, сапарын кесте бойынша аяқтады.

Чехия полициясы Прагаға бет алған төрт ұшаққа қатысты қауіп туралы хабар алғанын растады. Алайда қауіптің ықтималдығын төмен деп бағалады.

BBC мәліметінше, өзге рейстерге де қауіп туралы хабарламалар түскен:

  • Миланнан Варшаваға ұшқан Wizz Air ұшағы Венаға бағытталды;
  • Варшавадан Брюссельге ұшқан LOT ұшағы Брюссельге қонды;
  • Копенгагеннен Софияға бағыт алған Ryanair ұшағы Софияға қонды;
  • Мадридтен Софияға ұшқан Ryanair ұшағы да Софияға қонды;
  • Лондоннан Софияға бағыт алған Ryanair ұшағы Пловдив қаласына бұрылды.

Үш күн бұрын осыған ұқсас оқиға Еуропадағы кемінде жеті әуе рейсімен болған. Хабарламаларды кім жібергені және олардың өзара байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз. Ұшақтардың бортынан жарылғыш құрылғылар табылғаны туралы ақпарат түскен жоқ.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG