Австрия-венгрия әскері 1914 жылы 28 шілде күні Сербияға басып кірді. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Бұл соғыстан 16 миллионнан астам адам қаза тапты. Жүз жылдан кейін де соғыс суреттері қарулы жанжалдың адамзатқа қасірет әкелетінін ескертеді. Азаттықтың бұл фотокөрмесіне жақында табылған суреттер топтастырылды.