2026 жылы физиология мен медицина саласындағы Нобель сыйлығы Карл Дейссеротқа (АҚШ), Питер Хегеманн мен Георг Нагельге (екеуі де Германиядан) "жарық арқылы басқарылатын иондық арналар мен оптогенетика саласындағы жаңалығы үшін" берілді.
Нобель комитетінің мәлімдемесінде Хегеманн мен Нагель бірегей қасиеттері бар каналродопсин ақуызын ашып, әртүрлі жасушаларға енгізу оларды жарыққа сезімтал ететінін анықтағаны, ал Дейссерот "осы ақуызды жүйке жасушалары үшін жарықпен басқарылатын қосқышқа айналдырғаны" айтылған.
"Жарықпен жүйке сигналдарын басқарудың бұл әдісі қазір оптогенетика деп аталады және ол күллі әлемде маңызға тез ие болды" делінген мәлімдемеде.
Оптогенетика белгілі бір жүйке жасушаларының белсенділігі жадыға, сезімдерге және мінез-құлыққа қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді.
"Отогенетика ми туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертті. Күн сайын адамзаттың ең үлкен құпияларының бірін – біздің таңғажайып миымыз қалай жұмыс істейтінін ашуға көмектесетін тың жаңалықтар ашылатын болды" делінген Нобель комитетінің баспасөз хабарламасында.
- Қалыптасқан дәстүр бойынша, жыл сайын Нобель сыйлығы иегерлерін жариялау физиология мен медицина саласындағы сыйлық кімге берілетінін жұртқа хабарлаумен басталады, алдағы күндері физика, химия, әдебиет, экономика және бейбітшілік саласындағы сыйлық иегерлерінің есімі белгілі болмақ.
- Былтыр физиология мен медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунология саласындағы зерттеулер үшін берілген. Оны АҚШ пен Жапонияның үш ғалымы – Мэри Брункоу, Фред Рамсделл және Шимон Сакагучи перифериялық иммундық төзімділікке байланысты зерттеулері үшін алған.