Accessibility links

FlyArystan Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ұшырады

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ыстықкөлге маусымдық рейстер ұшыратынын хабарлады. 3 шілдеден бастап әуе компаниясы Астана — Тамшы (Ыстықкөл) — Астана бағыты бойынша рейстерді орындамақ.

Мұндай рейстер 31 тамызға дейін аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері болады. Астанада рейстің ұшу уақыты – 07:30, Ыстықкөлге жету уақыты – 10:45. Қайтатын рейс 12:00-ге жоспарланған. Астанаға 13:20-да жетпек.

Бір бағыт бойынша билет құны 37 мың теңгеден басталатыны хабарланды, дегенмен оның құны валюта бағамына байланысты өзгеруі мүмкін екені айтылды.

Бұдан бөлек, әуе компаниясы Алматыдан да маусымдық рейстер ұшыратынын хабарлады. Олар 18 маусым мен 30 тамызда бейсенбі және жексенбі күндері орындалмақ.

This item is part of
XS
SM
MD
LG