Accessibility links

Үздік футболшы - Роналду


Үздік футболшы - Роналду
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:27 0:00

Швейцарияның Цюрих қаласында 13 қаңтар күні өткен футболшыларды марапаттау салтанатында Пеле португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға «Алтын доп» тапсырды. Real Madrid командасының ойыншысы Роналду «Әлемнің үздік футболшысы» атағын екінші рет алды. «Үздік қақпашы» атағы - Мануэль Нойерге, «үздік қорғаушы» атағы - Филипп Лам, Серхио Рамос, Тьяго Силва және Дани Алвеске берілді. Жартылай қорғаушылардан Андрес Иньеста, Хави мен Рибери марапатталды. Златан Ибрагимович пен Лионель Месси «үздік шабуылшы» атанды. Криштиану Роналду «футбол тарихында аты аңызға айналған Пелемен қатар аталуға лайықпын» деген пікірін білдірген. Ал Месси «Бір жыл бұрын жағдай басқаша еді. Биыл жарақат алып, бірнеше матчқа қатыспадым. Бірақ бұл сөзім Роналду атаққа лайық емес дегенді білдірмейді» деген.

Пікірлерді көріңіз (1)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG