Accessibility links

Францияда пойыз рельстен шығып, ондаған адам зардап шекті

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Францияда пойыз рельстен шығып, кемінде 44 адам зардап шекті.

Француз полициясы диверсия жасалған болуы мүмкін деп топшылады. Бұл жөнінде мемлекеттік RFI радиокомпаниясы хабарлады.

Тергеушілер оқиға орнында рельстің бөлшектерін тапқан. Олар пойыз өтпей тұрып әлдекімдер рельстерді қасақана бүлдірген болуы мүмкін деп болжайды.

Руаннан Каннға қарай шыққан жолаушылар пойызы 11 қыркүйекте рельстен шығып кетті. Үш вагон аударылған, қалғаны қатты бүлінген. Соның салдарынан 44 адам жарақаттанған, арасында 18 жастағы қыздың жағдайы өте ауыр, оны тікұшақпен реанимацияға жеткізген.

Жолаушыларға көмектесу мен эвакуация жұмыстарына 130 өрт сөндіруші мен құтқарушы және бес жедел жәрдем бригадасы қатысты.

Айдар
XS
SM
MD
LG