Accessibility links

Францияда қатты ыстық болып, соның салдарынан адам өлімі жиіледі

Францияда қатты ыстық болып, соның салдарынан адам өлімі жиіледі.

Бұл жөнінде Фанцияның қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық агенттігіне сүйенген Euronews жазды. Әсіресе қатты ыстық болған аумақтарда әдеттен тыс көп адам өлімі тіркелген.

«24 маусымнан бері алдыңғы айлардағы өлім санымен салыстырғанда шамамен 1000 қосымша өлім тіркелді» деп жазылған ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің жексенбі күнгі мәлімдемесінде.

Агенттіктің хабарлауынша, қайтыс болғандардың 85 пайызы – 65-тен асқан және одан да үлкен. Елдің әсіресе, Иль-де-Франс, Жаңа Аквитания, Бретань, Луара аңғары, Нормандия және Пеи-де-ла-Луар аймақтары көбірек зардап шеккен. Бұл жерде ыстықтың қызыл дәрежесі бойынша ескерту жарияланған.

Францияның кейбір аймақтарында осы аптада ауа температурасы 40°C-тан асты. Ауруханалар мен жедел жәрдем қызметіне сұраныс күрт көбейген.

Парижде демалыс күндері жедел қызметке салмақты азайту үшін қоғамдық орындарда ішімдікке тыйым салынды.

Ыстық шығысқа қарай жылжып барады. Францияның метеорологиялық агенттігі елдің басым бөлігінде қатты ыстық бәсеңдегенмен солтүстік-шығыс аудандарда әлі күшінде.

XS
SM
MD
LG