Accessibility links

Германияда “Ресей мүддесіне тыңшылық жасады” деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды

Германия билігі “Украинаны әскери қолдау жөнінде Ресейге ақпарат берді” деп күдікке ілінген Қазақстан азаматын ұстады

Бұл жөнінде Германия прокуратурасына сүйенген халықаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, Сергей К. есімді ер адам 2025 жылдың мамырында Германиядағы ресейлік тыңшылармен байланыс орнатқан.

Құқық қорғау қызметкерлерінің пікірінше, Сергей К. Германияның Украинаға берген әскери көмегі және елдің әскери өнеркәсібі, оның ішінде дрон өндірісі жайлы мәліметтерді тапсырған.

Ол бұған қоса, Берлиндегі үкімет ғимараттары мен автомагистральдағы әскери техника, саясаткерлердің қызметтік көліктерінің суреттерін берді деген күдікке ілініп отыр. Тергеу болжамынша, қазақстандық суреттерді смартфонына түсіріп, оларды Ресей арнайы қызметіндегі адамға беріп отырған.

Прокурорлар күдікті Германиядағы ықтимал диверсия нысандары туралы ақпарат таратты және жаңа адамдарды тартты деп те санайды.

Азаттық Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне осы сұрақ бойынша сауал жолдады. Әзірге жауап келген жоқ.

Айдар
XS
SM
MD
LG