Accessibility links

Грузияда "заңсыз жүрген" 45 адам ұсталды. Арасында Қазақстан азаматтары да бар

Грузияда күштік құрылым өкілдері елде "заңсыз жүрген" 45 шетел азаматын ұстады. Бұл жөнінде Грузияның ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ұсталғандар арасында Кения, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қазақстан, Пәкістан, Алжир, Таиланд, Уганда, Үндістан Бангладеш, Танзания, Эфиопия, Нигерия және Судан азаматтары бар.

"Арнайы көші-қон бақылау шаралары аясында департамент қызметкерлері Грузияда заңсыз жүрген шетел азаматтарды анықтауға бағытталған әртүрлі мақсаттағы нақты орындар мен нысандарды тексерді" деп жазылған ведомство хабарламасында.

Барлығы елден шығарылған.

Грузияның ішкі істер министрлігі мұндай рейдті тұрақты жүргізіп, заңсыз жүрген шетел азаматтарын елден шығарып отырады.

Бұған дейін елде көші-қон заңнамасы қатайтылған еді. Атап айтқанда, елде жүру мерзімі асып кеткендерге салынатын айыппұл көлемі ұлғайтылды, наразылық акцияларына қатысу ережелерін бұзғаны үшін депортациялауға рұқсат етілді. 2025 жылдың алғашқы 11 айында елде заңсыз жүрген 1131 шетел азамат Грузиядан депортацияланған.

Айдар
XS
SM
MD
LG