Accessibility links

АҚШ-та кинопродюсер Харви Вайнштейннің соты басталды


Харви Вайнштейн соттан шыққан сәт. Манхэттен, Нью-Йорк, АҚШ, 6 қаңтар 2020 жыл.
Харви Вайнштейн соттан шыққан сәт. Манхэттен, Нью-Йорк, АҚШ, 6 қаңтар 2020 жыл.

6 қаңтар күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында голливудтық кинопродюсер Харви Вейнштейннің ісі бойынша сот процесі басталды. Ондаған әйел Вайнштейннің жыныстық бопсалауына ұшырағанын мәлімдеген. Егер сот 67 жастағы Вайнштейнді кінәлі деп тапса, оның қалған өмірі түрмеде өтуі мүмкін.

Сот процесінде 2006 және 2013 жылдары болған екі оқиға - зорлау және жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу қаралады. Батыс басылымдарының хабарлауынша, алқабилер құрамын іріктеу екі аптаға жуық уақыт алады. Процестің өзі кемінде бір жарым айға созылуы мүмкін.

Харви Вайнштейн 2018 жылы мамырда полицияға өз еркімен беріліп, кейін кепілге босатылған.

2017 жылы қазанда ондаған белгілі актриса кинопродюсер Харви Вайнштейнді жыныстық бопса жасады деп айыптаған. Бұдан соң кино және саясаттағы басқа да танымал адамдардың атына да осындай айыптаулар айтылған. Вайнштейннің өзі компанияның директорлар кеңесі мен Америка киноакадемиясы құрамынан шығарылған.

Оқи отырыңыз: Әйел зорлайтындарды жақтаушылар қайдан шығады?

2017 жылы күзден бастап ондаған әйел Вайнштейнді әртүрлі дәрежедегі қылмысқа айыптаған, көп ұзамай арыз айтушылардың саны 80 адамнан асқан. Вайнштейн төсектес болуға мәжбүрлеп көндіргісі келді деп мәлімдегендердің арасында есімі әйгілі киножұлдыздар Анджелина Джоли, Сальма Хайек, Гвинет Пэлтроу, Эшли Джадд және басқалар бар.

Вайнштейннің ісі өзге де танымал ер адамдарды айыптаған жаппай мәлімдемелерге түрткі болды. Бұл кейін жыныстық бопсалауға қарсы #MeToo хэштегімен күллі әлемге тараған шараға айналды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG