Accessibility links

Химия бойынша Нобель сыйлығын Анри Каган және Кэнсо Соаи иеленді

2026 жылы химия бойынша Нобель сыйлығының иегерлері Анри Каган және Кэнсо Соаи.
2026 жылы химия бойынша Нобель сыйлығының иегерлері Анри Каган және Кэнсо Соаи.

2026 жылы химия бойынша Нобель сыйлығы Анри Каган және Кэнсо Соаиға “молекуланың бір-біріне ұқсас “егіз” формасының бірін басым түрде алуға мүмкіндік беретін механизмді ашқаны үшін” берілді.

“Анри Каган мен Кенсо Соаи бір ғасырдан астам уақыт бойы химия саласында гомохиральдылық (homochirality) қалай өздігінен пайда болуы мүмкін деген жұмбақтың шешімін тапты. Олар әзірлеген химиялық реакциялар таңқаларлық” деді химия бойынша Нобель комитетінің төрағасы Хайнер Линке.

Бұған дейін ғалымдар аминқышқылдар сияқты молекулалардың бір-бірінен аумайтын екі нұсқасы барын анықтаған. Алайда тірі ағзаларда “егіздердің” бірі ғана болады. Мұндай химиялық асимметрия ғалымдар үшін ұзақ уақыт жұмбақ болды. Ал Каган мен Соай соны шешкен. Бұл дәрі-дәрмек шығаруда өте маңызды, себебі бір заттың "егіз" формасы ағзаға түрліше әсер етуі мүмкін.

  • 2025 жылы химия саласы бойынша Нобель сыйлығы ғалымдар Сусуму Китагава, Ричард Робсон және Омар Ягхиге металл-органикалық қаңқаларды әзірлегені үшін Нобель сыйлығы берілген. Олар газ және басқа да химиялық заттар өте алатын ірі кеңістікті молекулалық құрылымдар жасады. Мұндай құрылымдар шөл жерлердерде ауадан суды тартып шығару үшін, көмірқышқыл газын ұстау үшін, улы газ сақтауда немесе химиялық реакция катализі үшін қолданылуы мүмкін.
Айдар
​
XS
SM
MD
LG