Accessibility links

Венгрияда қытай университеті маңындағы көшелерге ұйғыр, Тибет және Гонконгпен байланысты атаулар берілді


Будапештегі ұйғыр азап шегушілер көшесі.
Будапештегі ұйғыр азап шегушілер көшесі.

Венгрия астанасының орталығында Қытайдағы өткір мәселелерге назар аударатын бірнеше көше пайда болды. Ференцварош ауданында Азап шегуші ұйғырлар, еркін Гонконг, Далай-лама және қытайлық диссидент Се Шигуан атындағы көшелер пайда болды. Бұл туралы Азаттықтың Венгер қызметі хабарлады.

Аталған көшелер Қытайдың Фудань университетінің кампусы салынуы тиіс ауданда орналасқан. Көшені ашу рәсіміне аудан мэрі Крисзтина Барайи мен қала мэрі Гергели Карачони қатысты. Жұрт алдында сөйлеген Барайи аудан мен қала венгер үкіметінің қытай университетін орналастыру туралы шешіміне осылайша қарсылық білдіретінін жеткізді.

Будапешт орталығында Фудань университетінің өкілдігін ашу мәселесі бірнеше айдан бері талқыланып келеді. Бұл шешімді оппозиция өткір сынаған. Ақпаратқа қарағанда, венгр үкіметі жобаны бюджет есебінен қаржыландырып, салуы тиіс. Ал оппозицияның пікірінше, ол қытайлық компартияның бөлімшесіне айналуы мүмкін.

Әлеуметтік сауалнама қала тұрғындарының 90 пайызының жобаға қарсы екенін көрсеткен. Оппозиция бұл мәселе бойынша референдум өткізуді де жоспарлаған, алайда ол індетке байланысты шегерілуі мүмкін. Үкімет америкалық қаржыгер Джордж Сорос негізін қалаған Еуропа университетін Будапештен өзге елге орналастыруға мәбүрлегеннен кейін жағдай ушыққан.

  • Батыс елдері Пекинді Шыңжаңда ұйғыр және өзге де түркітілді мұсылмандарға геноцид жасады деп айыптайды. Пекин мұны жоққа шығарады.
  • Далай-лама XIV – қуғындағы Тибет басшысы, тибеттік буддизмнің рухани жетекшісі, оның жақтастары 1950 жылы Қытай аннексиялап алған Тибетті отар қамытынан босатуды талап етеді.
  • Еркін Гонконг көшесі 2020 жылы азаматтық қарсылық басып-жаншылған, халықаралық міндеттемелерге қарамастан іс жүзінде Пекинге бағына бастаған Гонконг қаласының құрметіне аталған.
  • Се Шигуан католик шіркеуінің епископы, дін мемлекетке бағынады дегенді мойындаудан бас тартқаны үшін 28 жылдан бері түрмеде отырған дінбасы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG