Йемендік хуситтер Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежайға ракетамен соққы жасап, кемінде 12 адам қаза болды, 400-ге жуық адам зардап шекті.
Осы аптада осымен әуежайға үшінші рет соққы жасалып отыр, ең ауыры да осы. Қаза болғандар арасында Сауд Арабиясынан бөлек, АҚШ, Бангладеш, Иордания, Палестина, Сирия, Судан, Египет азаматтары бар.
Видеода аэровокзалдың бүлінгені көрінеді. Әуежай уақытша жабылған.
АҚШ президенті Дональд Трамп соққыға түсініктеме берді. Ол шабуылды қатаң айыптап, АҚШ "Сауд Арабиясының хуситтерге қарсы соққысына қосылу жөнінде" "жылдам шешім қабылдауы" мүмкін екенін айтты. Бұған дейін АҚШ Эр-Риядтың бірігіп соққы жасау туралы ұсынысын кері қаққан. Әуежайға соққыны Таяу Шығыстағы бірқатар ел айыптады.
Хуситтер деген атпен белгілі Иран қолдайтын "Ансар Алла" тобы Йеменнің айтарлықтай бөлігін бақылауда ұстайды. Сауд Арабиясы хуситтердің қарсыласын – халықаралық қауымдастық мойындаған Йемен билігін қолдайды. Шілдеде тараптар бір-бірін тағы атқылаған. Хуситтер Сауд Арабиясының мұнай өнеркәсібі мен азаматтық инфрақұрылым нысандарына шабуылдап жатыр. Бір мезетте Йеменнің оңтүстік-батысында шабуылға шығып, Баб-әл-Мандеб бұғазына шықты. Өз кезегінде Сауд Арабиясы да хуситтерге әуеден соққы жасап жатыр. Оған Пәкістан мен Түркия көмектесуге уәде берген.