Accessibility links

Иран Иракқа Ормуз бұғазы арқылы өтуіне рұқсат берді

Иран билігі Ормуз бұғазындағы шектеулер ірі мұнай өндіруші Иракқа қатысы жоғын мәлімдеді.

"Ормуз бұғазында енгізген шектеулерден бауырлас Ирак елі босатылған" деп жазылған мәлімдемеде.

Bloomberg-тің жазуынша, мұндай шешім тәулігіне Ирактың үш миллионға дейін баррелін нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Дегенмен Ирак шенеуніктерінің бірі агенттікке қазіргідей жағдайда кемелердің бұғазға кіруге батылы бара ма, жоқ па, мәселе сонда деп айтқан.

Мұндай шешім Ирак өндіретін барлық мұнайға қатысты ма, әлде Ирак туын ілген мұнай танкерлеріне ме, әзірге белгісіз. Ирак ОПЕК елдері арасында мұнай өндіру жағынан Сауд Арабиясынан кейін екінші орында тұр.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталғалы бері Парсы шығанағындағы мұнай өндірушілер мұнай өндіруді күрт азайтқан, себебі негізгі экспорттайтын жол жабылған. Bloomberg-тің жазуынша, наурызда Ирак мұнайының экспорты алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 97% азайды, осылайша тәулігіне 99 мың барель мұнай экспорттады.

  • Соғыс басталғанға дейін Ормуз бұғазы арқылы халықаралық нарыққа шығатын мұнай мен мұнай өнімдерінің – 15–20%, табиғи газдың 30% астамы өткен. Оның жабылуы салдарынан Парсы шығанағында ірі мұнай өндірушілер шикізат өндіруді азайтты, шикізат та қымбаттады.
This item is part of
XS
SM
MD
LG