Иран мен АҚШ тағы атысты. Көрші елдер алаңдап отыр
АҚШ Иранның Ормуз бұғазындағы әскери нысандарына қайтадан соққы бере бастады. Израиль "Хезболла" ұйымына қарсы ауқымды жорық бастайтынын айтып, Ливанның оңтүстігіндегі халықты жаппай көшуге шақырды. Тегеран болса, мұндай әрекеттер жауапсыз қалмайды деп мәлімдеді. Бұл жағдай екі ел арасындағы онсыз да баяу жүріп жатқан келіссөз мүлде тоқтап қалады деген күдікті қоюлатты.