Accessibility links

Иранның сақшылар корпусы Ормуз бұғазында екі сауда кемесін атқылады

Ормуз бұғазын өтпек болған кемінде екі коммерциялық кеме атқыланды деп хабарлады Reuters дереккөздері.

Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасының (UKMTO) дерегінше, оқиға Оманның оңтүстік-шығысынан шамамен 37 шақырым жерде болған. Танкерлердің бірінің капитанының айтуынша, кемеге Ислам революциясы сақшылар корпусының екі қайығы жақындап, оқ атқан. Экипаж мүшелері зардап шекпеген.

Тегеран бұған дейін кемеге бұғаздың қайта жабылғанын ескерткен. 17 сәуірде күндіз Иран коммерциялық кемелерге бұғаз ашық екенін мәлімдеген. Алайда ертесінде АҚШ-тың ирандық порттарды ашпауына байланысты бұғазға әскери бақылау қайта орнағанын айтқан.

Соған қарамастан бұғазға бірнеше танкер бағыт алған. Олардың бір бөлігі оқиғаның қалай өрбуін бағып, ирандық Кешім аралында аялдаған.

Аймақтағы кеме қатынасына негізгі қауіп төндіріп отырған нәрсе - Ислам революциясы корпусының «масалар флоты» деп жазды The New York Times. Америка әскерінің бағалауынша, Иранның тұрақты флоты әлсіреген, бірақ шағын катерлер мен дрондар әрекет жасап жатыр. Олар "соққы беріп, жасырын" тактикасын қолданады. Мұндай әдіс әсіресе тар бұғаздарда өте тиімді.

Wood Mackenzie және Kpler сарапшыларының бағалауынша, соғыс болған 50 күнде нарыққа шамамен 500 млн баррель мұнай түспеген. Бұл отынмен жабдықтаудың қазіргі заман тарихындағы ең ірі ақау. Шығын көлемі 50 млрд доллардан асады деп айтылады.

Ормуз бұғазы арқылы халықаралық нарыққа тасымалданатын мұнайдың 20 пайызы өтеді. Бұғаз ашылған күннің өзінде шикізат пен логистиканы қалпына келтіру үшін айлар мен жылдар керек деп айтылады.

Айдар
XS
SM
MD
LG