Accessibility links

Испанияда екі пойыз соқтығысып, 40-тан астам адам қаза болды

Испаниядағы пойыз апаты. Әуеден түсірілген видеодан скриншот.
Испаниядағы пойыз апаты. Әуеден түсірілген видеодан скриншот.

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза болды. Бұл жөнінде Canalcosta TV және ABC арналары хабарлады.

Пойыз апаты 28 қазан, сәрсенбі күні таңертең Лос-Ебенес және Урда муниципалитеттері арасында болған. Ақпаратқа қарағанда, Renfe компаниясының пойызы жолда тоқтап тұрған Iryo компаниясының пойызымен соқтығысып, соңғы аталған компанияның екі вагоны рельстен шығып кеткен.

Испанияның темір жол операторы Мадрид – Андалусия бағыты бойынша жүрдек пойыздардың қозғалысы екі бағытта да тоқтатылғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Испанияда биыл осымен үшінші рет темір жол апаты болып отыр. 18 қаңтарда елдің оңтүстігінде екі жүрдек пойыз соқтығысып, 39 адам опат болған. Ондаған адам зардап шекті. 21 қаңтарда Барселонадан шамамен 50 шақырым жерде тағы бір пойыз рельстен шығып, бір адам қаза болып, 37 адам зардап шеккен еді.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG