Accessibility links

Израиль әскері Каспий теңізіндегі ирандық бес әскери кемеге шабуылдады

Израиль әскері Каспий теңізіндегі ирандық бес әскери кемеге шабуылдады. Бұл жөнінде 18 наурызда кешке Израиль ақпарат құралдары хабарлады.

Yedioth Ahronoth басылымының жазуынша, Израиль алғаш рет Каспий теңізіндегі әскери-теңіз нысандарына шабуылдап отыр.

Мемлекеттік KAN телерадиокомпаниясы да соққы жасалғанын хабарлады, алайда жай-жапсарына тоқталған жоқ.

Израиль мен Иран ресми түрде шабуылға қатысты түсініктеме бермеді.

Мұндай шабуыл Израиль мен АҚШ Иранның оңтүстігіндегі Оңтүстік Парсы газ кенішіне соққы жасағаннан кейін жағдай ушыққан шақта жасалып отыр. Кенішке шабуылдың салдарынан жалпы тәулігіне шамамен 100 текшеметр газ өндіретін екі мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтаған.

  • Израиль мен АҚШ 28 ақпаннан бері Иранға соққы жасап келеді. АҚШ президенті Дональд Трамп соғыстың мақсаты – Тегеранның ядролық қару жасауына мүмкіндік бермеу, Иранның әскери қуатын жою деген еді. Иран бұған жауап ретінде Израиль мен АҚШ-пен әріптестік орнатқан аймақтағы елдерге соққы жасаған.
XS
SM
MD
LG