Accessibility links

Израиль Осман империясындағы армян геноциді жайлы ұсынысты мақұлдады

Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар
Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар

Израиль үкіметі елдің сыртқы істер министрі Гидеон Саардың Осман империясында армян геноциді болғанын ресми мойындау туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл – Израильде үкімет деңгейінде қабылданған алғашқы осындай шешім.

Саар бұл қадам "моральдық әрі тарихи жауапкершілікке" сүйенгенін айтып, "дұрыс шешім қабылдауға ешқашан кеш емес" деп мәлімдеді. Құжатта Израиль армян геноцидін мойындайтыны және оны жоққа шығару әрекеттерін айыптайтыны жазылған.

1915 жылы Осман империясында басталған оқиғалар барысында, кейбір тарихшылардың бағалауынша, шамамен 1,5 млн армян қаза тапқан. Қазір әлемнің 30-дан астам мемлекеті бұл оқиғаларды геноцид деп атаған.

Түркия 1915 жылғы оқиғаларды жоққа шығармайды, бірақ "геноцид" терминін қолдануға және құрбандар санына қатысты бағалауға келіспейді. Анкара Израильдің шешімін саяси астары бар қадам деп атап, оны Газадағы жағдаймен байланыстырды.

Израиль бұған дейін Түркиямен қарым-қатынасқа және Әзербайжанмен стратегиялық әріптестікке әсер етуі мүмкін деген себептермен бұл мәселе бойынша ресми ұстаным қабылдамай келген. Армения билігі әзірге Израильдің шешіміне қатысты пікір білдірген жоқ.

Айдар
XS
SM
MD
LG