Accessibility links

Қазақстан Каспий теңізін зерттеуге және сақтап қалуға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Каспий жағалауы.
Каспий жағалауы.

Қазақстан үкіметі Каспий теңізін зерттеуге және сақтап қалуға 1,1 млрд теңге (шамамен 2 млн доллар) бөлуді бекітті. Қаржы үкімет резервінен алынған. Бұл жөнінде үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаржы Каспий теңізінің экологиялық ахуалы мен оның тұрақтылық мәселелерін зерттеп жүрген "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институтына" бағытталған.

"Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді" деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған дейін де мемлекет институтты қолдауға қаражат бөлген: 2025 жылы тамызда үкімет резервінен бөлінген 305 млн теңге Каспий экожүйесінің зерттеуді дамытуға бағытталған.

Мамандар Каспий теңізінің деңгейі төмендеп, ондағы биоалуантүрлілікке қатер төніп тұрғанын айтып, дабыл қағып келеді. Халықаралық және аймақтық сарапшылар Каспийдің экожүйесін сақтау үшін Каспий елдері бірігіп қмылдауы қажет дегенді алға тартады.

XS
SM
MD
LG