Accessibility links

Алжирде мыңдаған адам тұтас режимнің ауысуын талап етті


Алжирде мыңдаған адам тұтас режимнің ауысуын талап етті
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

Сәуірдің 5-і күні Алжирде мыңдаған азамат көшеге шығып, тұтас билік өкілдерінің қызметтен кетуін талап етті. Алжир астанасындағы наразыларды қолдау үшін аймақтан да азаматтар келген. Олардың басты талабы – режимнің тұтас ауысуы, биліктен Бутефлика кланы өкілдерінің бәрін кетіру және демократия талаптарына сәйкес сайлау өткізу. Сәуірдің 2-сі күні Алжир президенті Әбделәзиз Бутефлика халық наразылыған соң отставкаға кеткен. 20 жыл елді басқарған Бутефлика ақпан айында бесінші рет сайлауға түсетінін мәлімдеген кезде елде наразылық өршіген. Кейінірек ол биліктен кетуге мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG