Accessibility links

Теміржол өткеліндегі апат


Теміржол өткеліндегі апат
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:19 0:00

15 қыркүйекте кешке Алматы облысы Шамалған станциясында теміржол өткелінде тұрған автобусты пойыз соқты. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза болып, зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. Ресми орындар таратқан алдын ала мәлімет бойынша, пойыз келе жатқаны туралы ескертуге қарамастан, жолаушылары бар автобус теміржол өткеліне шығып кеткен. Апаттан кейін жергілікті тұрғындар теміржолды жауып, биліктен жол қауіпсіздігі үшін осы жерге бұрыннан уәде етіліп келе жатқан көпірді салуды талап етті. Қарасай ауданы әкімі Жандарбек Далабаев бұл мәселе бойынша тұрғындармен 17 қыркүйекте кездесу өткізетінін хабарлаған соң наразылар тарады.

15 қыркүйекте кешке Алматы облысы Шамалған станциясында теміржол өткелінде тұрған автобусты пойыз соқты. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза болып, зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. Ресми орындар таратқан алдын ала мәлімет бойынша, пойыз келе жатқаны туралы ескертуге қарамастан, жолаушылары бар автобус теміржол өткеліне шығып кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG