Accessibility links

ЦОН-да тағы бір адам көз жұмды


2017 жылы 16 қаңтарда Алматы қаласы Алатау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО немесе ЦОН) тіркелуге келген 53 жастағы Жарас Қоңқақов есімді азамат қайтыс болды. Өткен аптада, 11 қаңтарда Алматы облысы Өтеген батыр кентіндегі ХҚКО-да 59 жастағы тұрғын Қонысбек Сәлімбаев көз жұмған. Қазақстанда қаңтардың 7-сінен бастап тұрғындарды уақытша тіркеу туралы жаңа заң ережесі күшіне енді. Оған сәйкес, Қазақстанда тұратын адамдар тұрақты тіркелген жерінен басқа жаққа 30 күннен асатын мерзімге баратын болса, жаңа мекен-жайға уақытша тіркеуге тұруға міндетті. Жаңа ереже бойынша тіркелу үшін мемлекеттік мекемеге барған адамдар сағаттап кезек күтуге мәжбүр.

XS
SM
MD
LG