Accessibility links

Түрксіб темір жолы қалай салынып еді?


Түрксіб темір жолы қалай салынып еді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:45 0:00

"Түркістан-Сібір" магистральдық теміржолы Орталық Азияны, Қазақстанды және Сібірді байланыстырады. Луговая бекеті мен Семей қаласына дейін мың төрт жүз қырық бес шақырымға созылды. Құрылысы Семей жақтан - 1927 жылы көктемде, Луговая бекеті жағынан сол жылы күзде басталған темір жол желісі 1930 жылы сәуірдің жиырма сегізіне Айнабұлақ станциясында түйісті. 1931 жылы қаңтардың бірінен бастап тұрақты пайдалануға берілді. Түрксібте 1928 жылы - 21 мың, 1929 жылы - 40 мың, 1930 жылы 50 мың адам жұмыс істеді, көпшілігі жергілікті тұрғындар болды. «Түркістан-Сібір» Қазақстан қазірге дейін пайдаланып отырған ірі теміржол желілерінің бірі. Азаттық кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынған «Түрксіб» құрылысы туралы 1930 жылғы видеоны ұсынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG