Accessibility links

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді


Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен 25 адам Шымкенттегі № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның бесеуі - бала. Аурухана бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, халі ауыр үш адам жан сақтау бөліміне жатқызылған. Бұдан бөлек, Отырар ауданындағы орталық ауруханасында Арыстағы жарылыстан жапа шеккен 34 адамға медициналық көмек көрсетілген. 24 маусымда Арыстағы әскери қоймада жарылыс болды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Арыстағы Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған.

XS
SM
MD
LG