Қаңтарда жұлынына оқ тиген белсенді өзін атқан адамды тапқысы келеді
Қаңтар оқиғасы кезінде Семей қаласында оқ тиіп жараланған белсенді өзін кім атқанын тауып беруді талап етеді. Ол атқан адамнан құн сұраймын дейді. Сөзінше, тұрмысы қатты қиындаған және ем-домның да уақыты өтіп барады.