Мультимедиа, диджитал және Интернет ТВ платформаларын дамытуға ден қойып отырған Азаттық Прагадағы редакциясына қажетті қызмет орнына лайық мамандар іздейді.
Жаңа қызмет орнына мультимедиа саласы мен диджитал контенттен хабары бар, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілін білетін редактор, я журналист сұрыпталып алынады.
Жаңадан жарияланған қызмет орны мен байқауға қатысу тәртібі туралы төмендегі сілтемелер бойынша толымды мәлімет алыңыздар.
Аға ТВ продюсер, Азаттықтың Прага редакциясы
Байқауға қатысуға ниетті болсаңыз, жоғарыдағы сілтемеде сипатталған шарттар мен ережелерге сәйкес түрде қажетті құжаттарды jobs@rferl.org электрондық поштасына жіберіңіз.